Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда цифрлық қызмет алу тетіктерін үйрететін орталықтар ашылуы мүмкін

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Бүгін облыстық кадр саясаты комиссиясының кеңейтілген отырысында «цифрлық теңсіздік» мәселесіне айрықша назар аударылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтың мәлімдеуінше, қаншалықты қаражат жұмсап, әр мемлекеттік қызметті автоматтандырса да, азаматтар аяқтай барып, қызметті қағаз түрінде алу үрдісі тоқтар емес.

 – Басты себеп азаматтардың цифрлық сауатсыздығы. Сондықтан, әр аудан, қалаларда тұрғындардың цифрлық қызмет түрлерін алу тетіктерін үйрететін он бес, жиырма компьютермен жабдықталған орталықтар ашу қажет. Өз тарапымыздан ең тиімді оқу бағдарламасын әзірлеп, тиісті тренерлерді тартуға дайынбыз, — деді баяндамашы.  

Сондай-ақ, ол әр мемлекеттік қызметшінің жұмыс кабинетіне, мекеменің ғимаратына көңіл бөлетін уақыт келгенін жасырмады.

 – «Жұмыс орным — екінші үйім» демекші, ол қаншалықты қолайлы болса, соншалықты қызметшінің еңбекке ынтасы артатыны сөзсіз.  Одан бөлек, жұмыс орны азаматтарды қабылдайтын орта болғандықтан, ол биліктің айнасы – оң имидж қалыптастырудың себепкері. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнына қатысты альбом жасақтауды, қажетті қаражат қарастырып, қолайлы етуді тапсыруыңызды сұраймын. Әрине, бір жылда барлық қызметкерлердің жұмыс орнын жақсартуға қаражат болмауы мүмкін. Сондықтан, осы жылы ауылдық округтерден бастайық деген ұсыныс бар, — деді  Салауат Мүксімов.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-oblysynda-8-nauryz%d2%93a-arnal%d2%93an-merekelik-is-shara-%d3%a9tpejdi-2/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button