Атырауда той өткізу тыйылмай тұр…
Atr.kz/20 шілде, 2020 жыл. Қатаң карантин басталғалы Атырау облысында санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг тобы күнделікті рейд жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
11-17 шілде аралығында Атырау қаласы мен жеті ауданда ұйымдастырылған рейд барысында бір аптада 334 карантин режимін бұзу фактісі анықталған. Азық-түлік дүкені, кафелер мен мейрамханалар тексеріліп, тұрғындардың санитарлық талаптарды орындамауына қатысты 46 факті тіркелді.
Сондай-ақ, үйлерінде адам жинап, жиын-той 14 отбасы анықталды. Мониторинг тобы олардың барлығының дерлік Жылыой аудынында белгілі болғанын айтады. Ең көп 187 факті жеке тұлғаның талаптарды сақтамауына байланысты анықталды. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне қатысты да біраз дерек бар.
«Атырау облысында дәрі-дәрмек бағасының сақталуын бақылайтын мобильді топ 50-ге жуық дәріхананы тексерді. Нәтижесінде облыс дәріханаларында шекті бағадан асырып дәрі-дәрмек сатқандар анықталды. Оларға тиісті шара қолданылады», — дейді облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов.