Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАҚұқық

Атырауда той өткізген үй мен мейрамхана иелері жауапқа тартылуда… (+ВИДЕО)

Атыраулық полицейлер карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарды анықтады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

https://youtu.be/aZwn5EaLR9Q

Облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, 26 наурыз күні сағат 22:00-ден кейін Атырау қаласы Полиция басқармасы және қала әкімдігі қызметкерлерінен құралған мониторингтік топпен тексеріс кезінде Құлманов көшесінде орналасқан «Chechil Pub”, Кұрманғазы көшесінде орналасқан “Vokzal”  және Жарбосынов көшесінде орналасқан “Пинта” мейрамханаларын тескеру кезінде 50-ден артық адамдарды мейрамханаға кіргізгендігі анықталды.

Одан басқа, 26 наурыз күні күндізгі уақытта Еркінқала ауылында орналасқан «Шәріп”, Жұмыскер поселкесінде орналасқан “Атырау Холл” мейрамханаларында және Алмалы поселкесінде орналасқан үйлердің бірінде той болып жатқандығы анықталды. Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.

Айта кетейік, Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 10 ақпандағы №3 қаулысына сәйкес, қоғамдық тамақтану объектiлерiне сағат 07.00-ден 24.00-ге дейiн жұмыс жұмыс жасауға рұқсат етіле отырып, мейрамхана ішіне 50 адамға дейін ғана кіргізуге рұқсат етілсе , көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және түнгі клубтардың, караоке, компьютерлiк  ойын клубтарының қызметіне тыйым салынған еді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button