
ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда тергеу изоляторына марихуана кіргізбек болған «сәлемдемеші» анықталды
«Оқиға 4 мамыр күні болған» деп хабарлайды Atr.kz
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне әкелінген азық-түліктерді тексеру кезінде пластикалық ыдыстың түбіне жасырылған жасыл түсті шөп табылды.
— Мекеме қызметкерлері заңсыз сәлемдеменің ұрлық жасағаны үшін ұсталынып отырған 28-жастағы сотталушыға арналғанын анықтады. Шөп полиэтилен пакетке оралып, ыдыстың түбіне жасырылған. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының тергеу тобы шақырылып, заңсыз сәлемдеме сараптамаға жіберілді,- дейді мекеме бастығының орынбасары Роман Увашев.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті мекемеге әкелінетін сәлем-сауқаттар рентген аппаратымен жіті тексерілетінін атап өтті.
