ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда темекі қорабынан марихуана табылды
Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) режим бөлімінің тексеру тобы сәлем-саухаттарды тексеру кезінде темекі қорабына салынған 41,9 грамм марихуананы тапты.
— Тыйым салынған зат осы мекемеде күдікті ретінде ұсталып отырған азаматқа арналған. Аталған дерек бойынша Атырау қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде,- деп хабарлайды Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз-қызметі.
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ