Қазандағы қандастар

kazan kreml 1 Жаңалықтар

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. Жұма күні Татарстанның астанасы Қазан қаласына барған Қазақстан халқы ассамблеясы Атырау филиалының «Татулық» татар-башқұрт этно-мәдени орталығы өкілдерінен құралған делегация  Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан  «Достық үйінде» татар бауырластарымызға арнап мәдени-концерттік шара өткізді.

Шараға Татарстан мәдениет министрлігі, сондағы қазақ диаспорасы өкілдері және жергілікті студенттер қатысты. Екіжақты байланысты одан әрі дамыту мақсатында  «Елсана» руханият клубының төрағасы Нұржан Ермағанбетов пен Қазақстандағы қазақ диаспорасының төрағасы Сағит Жақсыбеков  меморандумға қол қойды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Қазан қаласы,

Татарстан

KAZ Collage 2015
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз