Мұражай түні

Мұражай түні Жаңалықтар

Ел тәуелсіздігінің 25  жылдығы мен  Атырау қаласының 376 жылдық  мерекесіне орай  облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Менің сүйікті қалам» атты  музей түні өтті. 

%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b0%d0%b9-%d1%82%d2%af%d0%bd%d1%96

Мерекелік шараға  Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов, мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері және қала қонақтары қатысты.

Мұражай қонақтарына зергер, қолөнер  шебері Қайрат Шапабаевтың шеберлік сағаттары жақсы әсер қалдырды.

Құрманғазы мәдениет сарайы өнерпаздарының концерті мен  «VERO Modelz» сән агенттігінің модельерлері ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Г.Махамбетованың сән үлгілерін көрсетсе, Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония жанынан құрылған «Мұрагер» фольклорлық ансамблі әннен шашу шашты.

Мұражай алаңында Махамбет атындағы қазақ драма театрының әртістері мен мұражай қызметкерлері тарихи тұлғалар Исатай мен Махамбет, Бейбарыс сұлтан, Жәңгір хан,  Ақсақ Темір, образдарын сомдады.

Қонақтар мұражайды аралап қана қоймай, мұнда болған жәрмеңкеге де қатысты. Өздеріне қалаған көлөнер бұйымдарын саудалап, тіптен олардың жасалу жолдарымен де таныс болды.

Гүлзада Ниетқалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз