Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

АТЫРАУДА ТІГІН КУРСЫ АШЫЛДЫ!

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті әйел адамдарға білім алып, кәсіп ашу мүмкіндігін ұсынып отыр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тігін курсының ашылу рәсіміне облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, курс қатысушыларына сәттілік тіледі.

— Тігін курсы үй шаруасымен отырған жандарға  өз ісімен айналысып, қаржы табуға мүмкіндік береді. Бүгінде жат ағымның жетегінде кетіп жатқан қарындастарымыздың көбі жұмысы жоқтықтың салдары теріс жолға түсуге себеп болғанын айтады. Сол себептен осындай курс ашуды жөн көрдік,- деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Қыз-келіншектерге арналған тігін курсын оқу 3 айға созылады. Курс бағасы – 10 000 теңге.  Бүгінде 2 ауысымда өтетін курсқа 20 қыз-келіншек жазылған. Курс уақыты аяқталған соң қабылдау кері жалғасатын болады.

— Мешіт  жанынан осындай курс ашылып жатқанына қуаныштымын. Өз өнеріммен өзгелердің еңбек етуіне себепші болсам деген мақсатта бар білгеніммен бөлісемін,- дейді  тігін сабағында 32 жыл еңбек өтілі бар шебер Диляра Романова .

Related Articles

7 Comments

  1. Тегін бе или 10мың тг ақылы ма курс?

  2. Ассалаумағалайкум мен өзім тігінші болғым келеді бала кезінде қуыршақтарыма киім тігетін едім.Уйірмеге қатысып уйренгім келеді

  3. Тегін дейді де.курс багасы 10 000 тг деп жазып койган.Неге? 10 000тг таба алмай отрган аналар да бар гой.меннің 4 балам бар ,мен мысалга тігін тіге алам токыма буйымдарын уйде отырып колмен тігемін балаларыма.менде тегін болса баргым келеді.не ушін тегін деп жазп койгансыздар.10 000сиздерге тегын бе акша емеспе сонда?

  4. Курс туралы толығырақ білейін деп едім. Жұмысы бар адамдар оқуға бола ма?

  5. Қайырлы кеш! Мына хабарламаны естіп мен қатты қуанып отырмын. Қашан, қайда барып жазылуға болар екен?, мүмкіндік болса мына тел хабарлассыңыздар. Алдын ала көп рахмет! 8 702 314 84 34

  6. Қазір оқытылып жатырма қалаи жазылуға болады

  7. Менде жазылады деп едим боламекен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button