Атырау автопаркі жаңа 170 автобуспен толығады

Avtobusnyiy proryiv Жаңалықтар

Atr.kz/25 қараша, 2019 жыл. Атырау қаласының автопаркі 2020 жылы тағы 170 жаңа автобуспен толығады.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев Facebook парақшасында жазды.

«Қалаға осы уақыт ішінде (бір жылда) 160 жаңа автобус сатып алынды, 2020 жылы тағы 170 автобус келеді. Олардың ақысы төленіп қойды, қазіргі таңда жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, осы жасалған жұмыстардың нәтижесінде қаладағы жолаушылар тасымалы жүйесі толықтай жаңартылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз