Атырауда тегін грантқа үміткерлер құжатын қабылдау 16 тамызда басталады

2560284 Жаңалықтар

Атырауда тегін грантқа үміткерлерді қабылдау басталады.

Атырау облысында 2021-2022 оқу жылына жоғары білім алу үшін жергілікті бюджет есебінен 149 білім гранты бөлінді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова айтты.

«Биыл жергілікті бюджет есебінен Атырау мектептерінің түлектеріне М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық -техникалық университетінде, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде және Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттеріне тағы да үш грант бөлініп, «Нұр-Мүбарак» египет- ислам мәдениеті университетіне 25 жас жіберіледі.

Грантты тағайындау барысында үміткерлердің үлгеріміне басымдық беріледі. Әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін отбасылардан шыққан жастарға да назар аударатын боламыз. Оқу аяқталғаннан кейін бітіруші түлектердің облыс аумағында еңбек етуі талап етіледі. Осы мақсатта грант тағайындалғаннан кейін әкімдік, жұмыс беруші мен түлектің ата -анасы арасында үш жақты келісім шарт жасалынады, – деді Айнагүл Дүйсекенова.

Грантқа өтінім қабылдау Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 16 тамыздан 21 тамызға дейін жалғасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз