Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Атырауда «Таза су айдындары» акциясы өтуде

Өңірде қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында қолға алынған акцияға мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындар белсенді қатысып отыр.

«Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұйымдастырған тазалық жұмыстарына табиғатты қорғауға жауапты бірқатар мекеменің өкілдері, «Амангелді», «СевКаспийФиш», «Восток», «Тілекші», «Інжу-маржан» ЖШС жұмысшылары, Атырау қаласының Дамбы ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері араласуда.

Акцияға қатысушылар Амангелді, Құрманғазы, Қызыл балық, Жамбыл елді мекендері бойынша Жайық өзені жағалауын әртүрлі тұрмыстық қалдықтан және жағалаудағы балық аулау құралдарын тазалау жұмыстарын жүргізді.

  • Бұл жұмыстарға барлығы 100-ден аса адам, 15 дана автокөлік және су көліктері жұмылдырылды. Жиналған тұрмыстық қалдық пен ау құралдарының жалпы салмағы 7 тоннаны құрап, «Арнаулы автобаза» ЖШС-не тапсырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция биыл 31 мамырға дейін жалғасады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button