Атырауда белгілі академик дүние салды

25skvazhina2 scaled Жаңалықтар

Кеңестік және қазақстандық геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі Диаров Муфтах Диарұлы өмірден өтті.

Бұл туралы бүгін Гүлзада Шакуликова Facebook-тегі парақшасына Атырау Мұнай және газ университетінің атынан хабарлады.

– Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Атырау мұнай және газ университетінің профессоры Диаров Муфтах Диарұлының өмірден өткенін қайғыра хабарлай отырып,  туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, – деді Гүлзада Шакуликова. 

Диаров Муфтах Диарұлы – кеңестік және қазақстандық геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі.

1978-1992 жылдары ҚазКСР ҒА Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтының зертханасын басқарды. 1992-1997 жылдары ҚР ҰҒА Батыс бөлімінің академик-хатшысының орынбасары. 1997 жылдан-«Атырау — ғылым» АҚ вице-президенті қызметін атқарды. 

Каспий маңы ойпатында бор және бор-калий тұздарын іздеу мен барлау мәселелерімен айналысты. Минералды тұздарды барлау әдістемесін жасады. Сатимола, Индер ірі кен орындарының ашылуына қатысты.

Профессор Муфтах Диарұлының жарқын бейнесі шәкірттерінің, әріптестерінің және бәріміздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз