Атырауда тағы да қамыс өртенді
«Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды atr.kz
Атырау облысы ТЖД таратқан мәліметке сәйкес, биылғы жылы 9 қыркүйекте, сағат 14:47 минут шамасында Каспий теңізінің жағалауында «Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді.
Өрттің шарпуы оңтүстік-батысқа қарай Еркінқала ауылынан шамамен 20 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында орын алған.
Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 1 бірлік техника мен 5 жеке құрам және «Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи резерватынан 35 қызметкер, 2 бірлік техника, 4 бірлік жүзу құралы, 4 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.
Қамыстың жануы 16 сағат 30 минутта оқшауланып, 17:00 сағатта толықтай жойылды.
Өртенген аумақ 1 га құрап отыр.
Қазіргі уақытта «Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылуда.