Халықаралық кубок – Атырауда!

Ақжолтай1 Болгарияның Несебьр қаласында осымен үшінші рет 2-11 сынып оқушылары арасында халықаралық «Шексіз математика» турнирі өтті. Оған қатысқан Атыраудағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия шәкірт-тері топ жарды.
Әлия Ысқақова басқаратын «Innivation» ғылыми білім беру орталығы биылғы 23-31 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде ақтық сынақ ұйымдастырған болатын. Онда София Әлібаева жетекшілік ететін білім ұясынан 16 үміткер бақтарын сынады. Ереже шартына сәйкес, олар бір сағатта 20 тест сұрағына дұрыс жауап беруі тиіс болды. Сынақ ағылшын, орыс және болгар тілдерінде өтті.
Нәтижесінде, атыраулық 2-4 сынып оқушылары Ролан Ахмет пен Виолета Светлых күміс және Мадина Саниева қола медаль иеленді. Ал, топтық кезеңде Елхан Рамазан, Мадияр Ниязтай, Жанель Жаңбырбай көзге түсті. Бұл – оларды сайысқа баптаған ұстаздары Ғалия Төлекова, Надежда Жұмағалиева, Гүлбаршын Шудабаевалардың еңбегі.
Жалпы, турнир төрт айналымнан тұрды. Алдымен, қатысушының тұратын жерінде, кейін сырт аймақта сайысты. Оның қорытындысы бойынша, Атыраудан техникалық гимназия командалық есепте алға озып, бас жүлде – халықаралық кубокты жеңіп алды.
Шәкірттерімнің ұстазы ре-тінде өзім де олардың жеңіске деген ынта-жігерлеріне, ерен еңбектеріне куә болдым. Айтулы дода үлкен дайындықты қажет етті. Бірақ, оқушылар қиындыққа еш мойымады. Білім нәрімен сусындатып келе жатқан 24 жыл ішінде талай шәкіртім облыс пен республикалық деңгейде өткен жарыстарда топ жарды. Әйтсе де, бұл жолғы жеңістің мән-маңызы ерекше болды.

Эльмира ИСМҰХАНОВА,
облыстық ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия
бастауыш оқу ісінің меңгерушісі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз