Жаңалықтар
Атырауда суға кете жаздаған екі қыз бала құтқарылды
«Оқиға Атырау қаласында 19 маусым күні болған» деп хабарлайды Atr.kz
Қазіргі кезде құтқарылған қыз балалар дін аман. Әйтсе де, оқиға орнында оларға дәрігерлік көмек керек болған.
«Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары М.Шуленов пен Т. Избулов «Атырау» спорттық сауықтыру кешені аумағындағы жазғы жағажайда белгіленген аймақтан аса жүзу салдарынан суға батып бара жатқан екі қыз баланы құтқарып қалды» делінген жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.