Жаңалықтар
Атырауда су деңгейі тұрақтанды
Атырау облысында су деңгейінің тұрақтануына байланысты гидрологиялық ақпарат беру тоқтатылады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры Салауат Туленов мәлімдеді, — деп хабарлайды облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
«2024 жылғы 1 шілдеден бастап Атырау облысының барлық гидрологиялық бекеттерінде су деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты ақпаратты бюллетень түрінде беру тоқтатылады» — делінген хабарламада.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Суретті түсірген автор