Жаңалықтар
Атырауда су деңгейі көтеріліп тұр
Жайық өзенінің деңгейі Индербор кенті тұсында бір тәулікте 6 сантиметрге төмендеп, жалпы деңгейі 982 сантиметр болды. Қауіпті деңгейден 137 сантиметрге әлі де артық боп тұр.
Жергілікті гидрологтардың мәліметінше, Махамбет кенті маңында өзен суы 5 сантиметрге төмендеп, жалпы деңгейі 1020 сантиметрді көрсетті. Мұнда да шекті мөлшерден 170 сантиметрге әлі көп. Ал Атырау қаласындағы гидропостта су 4 сантиметрге көбейіп, жалпы деңгейі 595 сантиметрді құрады. Қауіпті мөлшерден 45 сантиметрге артты. Айта кету керек, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Алмас ҚАБДОЛОВ