Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...

Атырауда соңғы тәулікте 61 адам коронавирус жұқтырды

Атырау облысында өткен тәулікте 61 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 42 жұмысшыдан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың бәрінде ауру симптомсыз түрде, бір науқаста ғана симптомды өтуде.

Індет жұқтырғандардың біреуі ауру белгілері бойынша медициналық маманға өз еркімен жүгінген.

 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 11  науқас емделіп шықты.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері күні бүгінге дейін covid-19 инфекциясынан Атырау облысы бойынша 11401  адам жазылып шыққан.
Қазіргі уақытта 164 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  38
 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 5 (атап айтқанда, Индер ауданынан -3, Қызылқоға ауданынан-2 науқас), Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 174 адам ем қабылдауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button