Атырауда биыл үш адам мұз астына түсіп мерт болған

4f50b3f9 1255 4af2 ae7b f13cf037194d Жаңалықтар

Атырауда биыл 3 адам мұз астына түсіп, мерт болған. Оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала бар, деп хабарлайды inform.kz.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, су айдындарындағы мұз әлі де қалың емес.

«Атырау облысының аумағындағы су айдындарында мұз әлі толық қатқан жоқ. Қазір мұздың қалыңдығы жағалауда – 6-8, орта тұсында – 3-5 см шамасында. Бірақ, әуесқой балықшылар жұқа мұздың үстінен балық аулауға шығып, өз өміріне қауіп төндіруді жалғастыруда. Сол себептен мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеміз. Жыл сайын мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан өкінішке ұрындырған оқыс оқиғалар тіркеледі. Зардап шеккендердің арасында балық аулауға шыққан әуесқой балықшылар, мұз үстінде ойнайтын балалар мен су айдынының келесі жағалауына өтпек болған тұрғындар бар», -дейді департаменттің жедел-құтқару жасағының жетекшісі Әділхан Жұмалиев.

Оның айтуынша, төтеншеліктердің мұз үстінде балық аулаушыларға айыппұл салуға құқығы жоқ. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін сақтауға ғана кеңес бере алады.

«Құтқарушылар күн сайын балық аулаушылар мен тұрғындарға қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, жадынама таратып жүр. Алайда, тұрғындар құтқарушылардың ескертуіне мүлдем құлақ аспайды. Осындай селқостықтың салдарынан биыл 3 адам ойылған мұздың астына түсіп, мерт болды. Оның ішінде кәмелетке толмаған бала бар», -деп мәлім етті Әділхан Жұмалиев.

inform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз