Жарнама
БілімЖаңалықтар

Атырауда «ABAY GYLYM FEST»  ауқымды ғылыми фестивалі өтуде

Бүгін Атырау қаласындағы Абай орталығындағы JasSpace кеңістігінде ғылыми фестиваль басталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Фестиваль еліміздің ғылыми, сараптамалық және креативті қоғамдастығын біріктіре отырып, ата-аналар мен мектеп оқушыларына жетекші сарапшылармен, ғалымдармен және ғылым саласындағы көшбасшыларымен кездесуге, сондай-ақ STEAM  (Science, Technology, Engineering Mathematics and Art) саласында құнды білім алуға  мүмкіндік береді.

Фестиваль барысында түрлі тегін білім беру бағдарламалары, робототехника бойынша жарыстар, білім беру жобаларының көрмелері өтеді. JasSpace  кеңістігінің жас таланттары әртүрлі бағытта өздерінің ғылыми жобаларын таныстыратын болады. Сондай-ақ Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері көпшілік алдында құнды тәжірибелерімен бөлісіп, фестиваль ағартушылық бағыттағы үлкен алаңға айналады деп күтілуде. 

13aaca6f a665 41ff 8a86 fd44e2a1db47

-Іс-шараны «Jasspace: Атырау қаласының жастарын дамыту жөніндегі бастамасы» жобасы аясында Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырып отыр. Фестиваль аясында ата-аналар мен балаларды, мектеп басшыларын, сарапшылар мен білім беру жүйесіндегі көшбасшыларды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптар мен аудиторияларды қамтитын 10 секция жұмыс істейді.

eb7018a2 5b58 4ef5 a438 ca580c083ddf
a8ff8bfb 9462 405b 8e76 c43cf10e6f06

Фестиваль аясында құнды тәжірибесімен бөлісетін белгілі спикерлердің қатарында Forbes Kazakhstan «30-дан 30-ға дейін» рейтингінің қатысушысы Ұлан Үсенов, «Орталық Азияның үздік педагогы» сыйлығының жеңімпазы Рүстем Ермеков, YEMAA мультидисциплинарлық кеңістігінің негізін қалаушы Әсел Ахметжанова бар. Спикерлер қатарын Қазақстанда STEAM білім беру саласын танымал  етіп жүрген көптеген білікті мамандар толықтырады, — дейді JasSpace бағдарламасының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

02fabd63 5bba 4472 bcf5 812b656c1814

Айта кету керек, «ABAY GYLYM FEST» фестиваліне кез-келген қызығушылық танытқан адам тегін қатыса алады. Ғылыми фестиваль сағат 17.00-ге дейін созылады. Тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өту ұсынылады: http://abaygylymfest.kz/registrationБұл фестиваль — STEAM туралы білімді кеңейтуге және достық, отбасылық атмосферада ғылымнан шабыт алу үшін бірегей мүмкіндік.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button