Атырауда Соколок каналы биіктетіліп жатыр

bez imenivvvvvv Жаңалықтар

Қазір Атырау қаласында Соколок каналында тазарту және тереңдету жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, Жайық өзенінің суын 24 шақырымдық Соколок каналы арқылы Каспий теңізіне бұру үшін бөгеттер биіктетілуде. Бұл жерде NCOC компаниясының 30-ға жуық техникасы қызмет етуде.

–Бөгеттің 2 шақырымдық бөлігінде жұмыс аяқталды. Осы аптаның ішінде жұмысты бітіреміз деген сеніміміз бар. Алдағы уақытта бұл іске қосымша адам күші мен техника тартылады, – деді Соколок каналына жауапты координатор Олжас Сұлтанов.

«ҚазСуШар» РМК мәліметіне қарағанда, облыс аумағында бастауын Жайық өзенінен алатын 15 магистральды су арнасы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек Атырау қаласына қарасты аумақта Зарослый және Бухарка табиғи өзектеріне жыл сайын шаруашылық мақсатында су шығарылады.

Айта кету керек, Жайық өзенінің бойында Атырау облысының аумағында 26 елді мекен орналасқан. Атырау қаласынан бөлек оның 7-еуі Индер, 18-і Махамбет ауданына бағынышты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз