Жаңалықтар
Атырауда шекарашылардың велошеруі өтті
ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы «Retro park» саябағынан бастау алған велошеру спорттық іс-шарасы өтті.
18 тамыз – Шекарашылар күні мерекесі қарсаңында өткен шараға ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Жұмахан Әбілбеков және 100-ге жуық шекарашы жеке құрам қатысты.
Жалпы аумағы 10 шақырымды құрайтын велошеру қала орталығындағы Мұхтар Әуезов, Азаттық, Жалаңтөс батыр көшелерін қиып өтті.
Жыл сайынғы дәстүрге айналған әскери-патриоттық шара шекарашылардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, әскери достықты нығайтуға бағытталған.