Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда шекарашылар заңсыз бекіре балығын аулағандарды ұстады

atr.kz/18 қыркүйек, 2020 жылШекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18-қыркүйекте Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойында шекарашылар Исатай ауданы Аманкелді аумағынан «байда» және «бударка» жүзу құралдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстады.

Одан аулауға рұқсат етілмеген 245 келі бекіре тұқымдас балығы анықталды.

Сондай-ақ, қайықтан браконьерлік балық аулау құралдары және GPS навигаторлары табылған. Оның көмегімен құқықбұзушылар қойылған аулардың орналасу орнын еш қиындықсыз анықтап отырған.Түнде әрекет етулеріне қарамастан, шекарашылар арнайы құралдар арқылы заңбұзушыларды кедергісіз «қолға түсірген».


Жедел іс-қимылдың арқасында мемлекетке 100 миллион теңгеден астам залал келтірудің алды алынды. Бүгінгі таңда ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Табылған балық аумақтық ішкі істер органдарына тапсырылды,- деп хабарлады Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.


Айбөпе САБЫРОВА

https://atr.kz/bez-rubriki/atyrauga-gruziяdan-ne-sebepti-darigerler-kelgeni-belgili-boldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button