Атырауда сенбілік аясында екі мың көшет егілді (+ВИДЕО, +ФОТО)

58543810 674745399626796 684885659797684224 n Жаңалықтар
https://youtu.be/7mMBCEdmxh4

Аtr.kz/28 сәуір, 2019 жыл. Әуежайға баратын жол бойына шаған, үйеңкі, қарағаш көшеттері егілді, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

27 сәуірде Атырауда облыс орталығын санитарлық тазалау мен көгалдандырудың екіайлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Акция аясында Атырау халықаралық әуежайына апаратын жол бойына екі мың шаған, үйеңкі мен қарағаш көшеттері отырғызылды.

58543325 674745396293463 2293495579533115392 n

– Сенбілікке қаладағы мекемелердің қызметкерлері, жалпы саны 300адам қатысты. Теректерді суарып, күтім жасауды облыс орталығындағы жасыл желектерге күтім жасау және көгалдандыру бойынша қызмет көрсетуге тендерді ұтып алған мердігер мекеме қамтамасыз етеді,-дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкин.

59436500 674745392960130 6341716454622101504 n

Еске салсақ, Атырауда биыл 15 сәуірде тұрғындарға тегін көшеттер таратылды. Қала тұрғындары жалпы саны үш мың көшет алды.

58543667 674745402960129 4661808376966021120 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз