Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда сауда базарларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Атырау қаласында сауда инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында базарларды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес іске асып, кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта «Авангард», «Дина», «Аламан», «Көктем» базарларында құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары басталған. Бұл орындар Сауда және интеграция министрлігінің Жол картасына енгізіліп, жаңғыртуды 2025 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

img 8538

Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Жұмаситовтың айтуынша, сауда базарларын жаңғырту тек инфрақұрылымды жаңарту емес, тұтынушы мен кәсіпкер үшін ыңғайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік-экономикалық бастама.

«Сауда нүктелерін біріздендіру, техникалық және санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру – бүгінгі уақыттың қажеттілігі. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады» деді ол.

«Авангард» базарындағы қосқабатты ғимараттың екінші қабаты қайта жаңғыртылып, жаңа сауда нысанын салу жоспарланған. Ал «Көктем» базарында контейнерлердің орнына жаңа ғимарат салынды. Қазір автокөлік құрал-саймандары мен темір-терсекке арналған павильон бой көтеруде. Базар ғимаратына климаттық жүйе орнатылып, келушілер мен сатушыларға қолайлы жағдай жасалуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button