Атырауда 4 адамнан құрылған қылмыстық топ құрықталды

ФОТО ВОР Жаңалықтар

Атырауда 4 адамнан құрылған қылмыстық топ құрықталды. Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның хабарлағанындай, бүгінде олардың үстінен Қылмыстық Кодекстің 188-бабы («Ұрлық»), 191-бабы («Тонау») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

ФОТО - ВОР

Тергеу жорамалына сәйкес, олар өткен айда қаланың шет жағындағы май құю бекетін тонаған. Бекетте жұмыс жасайтын қызметкерлер түнгі 2-лерде ұйымдасып шай ішетін болған. Бұл дағдылы әдетті сонда жұмыс істейтін жігіттер жақсы білген көрінеді. Түн жарымда бекетке келіп, екеуі тыста қалып, үшіншісі шай ішуге бір бөлмеге жиналғандардың сыртынан кілттеп, кассадағы бар ақшаны – 750 мың теңгені жымқырып кеткен.

Тергеу кезінде бұл жігіттердің 1995 және 1996 жылғы қала тұрғындары екені анықталды. Сондай-ақ, олардың басқа да әртүрлі құқықбұзушылықтарға қатысы бар болып шықты: екі жеңіл көлікті қала сыртына айдап әкетіп, тонап, машинаны далаға тастап кеткен. Бұдан бөлек, жеңіл көліктердің терезесін сындыру арқылы салондағы магнитофон және басқа да заттарды тонап отырған.  Олар пәтер ұрлығына да қатысы бар болуы мүмкін деп күдіктелуде.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз