Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Сарайшық» сапар орталығы туристерді қабылдай бастады

Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Жаннат Сабырғалиева мәлім етті, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сапар барысында туристер алғаш рет Алтын Орданың негізін қалаушы Бату ханның, Ноғай ордасының билеушісі Едіге бидің, Қазақтың біртуар ханы Қасым ханның гипершынайы бейнелерін көре алады. Сондай-ақ, ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихи негізде жасалған макетін, тарихи сабақтастық Қыпшақ хандығы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы, Қазақстан Республикасының туларын, Қасым ханның алтын тағын, Сарайшық аңыздарының құмды шоуын тамашалай алады.

— «Сарайшық» сапар орталығы еліміздің ғана емес, күллі әлемнен келген туристерге жақсы мүмкіндік болады. Келген туристерге ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде беріледі. Қазіргі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ортағасырлық Сарайшықтың даму жоспары жасалып, ұсынылды. Ортағасырлық Сарайшықты туристік орталыққа айналдыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Биыл, осы жұмыстардың алғышарттары ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ортағасырлық Сарайшық қаласында туристерге арналған ортағасырлық батыс қақпасын тұрғызу жұмыстарының басталғанын айтуға болады. Реставрациялық жұмыстарды «Қазқайтажаңарту» мекемесі жүргізуде. Облысымыздың туристік әлеуетін дамытып, шетелден келген туристерге көрсетіп, тарихымызды, әдемі жерлерімізді көрсету басты міндеттеріміз, — деді Ж.Сабырғалиева.

«Сарайшық» сапар орталығы қонақтарды қабылдауға және оларға экскурсиялар өткізуге дайын. Сапар орталығы келушілер үшін түскі үзіліссіз, демалыссыз сағат 09:00-18:30-ға дейін қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін «Сарайшық» сапар орталығының жұмысы тоқтатылған болатын. Себебі, пайдалану барысында құрылыс басқармасының мамандары бірқатар кемшіліктерді анықтады. Қазіргі уақытта мердігер компания бұл ескертулерді өз қаражаты есебінен жойды. Сондай-ақ, кепілдік міндеттемелер шеңберінде мердігер асфальт төсеу бойынша ескертулерді жоюы тиіс, сонымен бірге визит-орталықты (объект ретінде) жергілікті атқарушы органның балансына беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірақ бұл орталықтың жұмысына әсер етпейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button