Атырауда санитарлық тазалықтың екі айлығы басталады

img 20190911 wa0049 Жаңалықтар

​ Atr.kz/12 қыркүйек, 2019 жылАтырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлының өкіміне сәйкес, 16 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Атырауда екі айлық санитарлық тазалық айлығы өтеді деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз – қызметі.

Мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар, жергілікті тұрғындар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері облыс орталығын абаттандыру мен көгалдандыру шараларына қатысады.

Екі айлық мерзім ішінде жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін штаб құрылады, оған қаланың барлық коммуналдық қызметтерінің басшылары, сондай-ақ қала әкімдігінің жауапты бөлімдері – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы бөлімі кіреді.

Екі ай ішінде қаланы толық санитарлық тазарту, пайда болған қоқыс полигондарын жою, сумен жабдықтау және кәріз құбырларындағы апаттық учаскелерді анықтау және оларды жою жоспарлануда.

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз