Атырауда сайлаушылар үшін қоғамдық көлік шығарылды

whatsapp image 2021 07 25 at 09.42.17 Жаңалықтар

Қайыршақты ауылдық округі, Талғайраң ауылы, Талғайраң мектебінің ғимаратында орналасқан №77 сайлау учаскесінің сайлаушылары үшін арнайы қоғамдық көлік бөлінген.

Сағат 7-30 ден бастап қоғамдық көлік Талғайраң-2 жаңа қалашығы бойынша N3, N10, N14, N12, N13 қиылсынан сайлаушыларды жинап, Талғайраң негізгі мектебіне тасымалдайды.
Бұл карантин жағдайындағы қоғамдық көліктердің жексенбі күні жұмысының тоқтатылғанына да байланысты ұйымдастырылып отыр.
Талғайраң ауылында тізім бойынша 861 сайлаушы бар. Ұйымдастыру жұмыстары бәрі жүргізіліп, сайлауға қажетті құрал- жабдықтар, медициналық сақтандыру құралдарымен толықтай қамтылған.
Сайлау комиссиясының төрағасы
Әліпқали Сәрсенғалиевтің айтуынша бюллетеньдердің барлығы саналып, жәшіктер пломбаланған.

  • Сайлаушылар тізіміне енгізу-тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жүргізіліп жатыр. Өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет. Сайлаушылар өздерінің тізімдерін 9 шілдеден бастап учаскелік сайлау комиссиясынан тексеруге мүмкіндік алған болатын. Өздеріңіз байқағандай, учаскеде сайлау өзінің ережесіне сәйкес, сағат 07.00-де басталып, кешкі сағат 20.00 де аяқталады,- дейді сайлау комиссиясының төрағасы Әліпқали Үмбетұлы.

Айта кетейік, Қайыршақты ауылдық округі әкіміне екі үміткер қатысып отыр.
Оның бірі – “Нұр-Отан” партиясының атынан ұсынылса, бірі – өзін-өзі ұсынған үміткер.

Алмас Қабдолов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз