Атырауда саябақтар мен алаңдарға баруға тыйым салынды

20190307 184435 768x373 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/5 маусым, 2020 жыл. Атырау қаласында саябақтар мен алаңға баруға тыйым салынды.

Бұл туралы Атырау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің бүгінгі қаулысында айтылған.

«Атырау қаласында эпидемиологиялық ахуал толық тұрақтанғанға дейін карантииндік шектеу іс-шарасы сақталады. Исатай-Махамбет орталық алаңына, «Жеңіс» және Ретро-саябаққа баруға, бұқаралық, спорттық, отбасылық, соның ішінде еске алу шараларын өткізуге тыйым салынсын. Театрлар мен кинотеатрлар, көрмелер, ойын және түнгі клубтарының жұмысына тыйым салынады» делінген құжатта.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз