Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда Роман Скляр жұмыс сапарымен болды

“Атырау облысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен болды”-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


Үкіметтік делегация құрамында министрліктердің бірінші вице-министрлері мен вице-министрлері де келді.


Атырау облысының ағымдағы мәселелері талқыланған жиында аймақ басшысы баяндама жасады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік саладан бастап инфрақұрылым, экология, электр энергиясы, сумен қамту сынды өңірдегі ең өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Олардың нақты себептерін атап өткен аймақ басшысы проблемаларды шешуге қатысты жасалып жатқан жұмыстарды да баяндап өтті. Сондай-ақ ол кейбір өзекті мәселелерді шешу үшін Үкіметтің қолдауы қажеттігін айтты.


Жиынды қорытындылаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысының одан ары дамуы мен салалардағы проблемаларды шешу үшін Үкімет тиісті қолдау жасауды қарастыратынын жеткізді.

Сондай-ақ әр министрлік өкіліне жергілікті органдармен бірлесе отырып аталған мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button