Кәсіптік білім беру – өмір талабы

билим Білім

Атырауда өткен «Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялаудың басым бағыттары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда аталған мәселелер кеңінен талқыға түсті.

%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b8%d0%bc

Алдымен облыс орталығындағы төрт колледжде панельдік сессиялар ұйымдастырылып, маңызды мәселелер талқыланды, әр сессия бойынша ұсыныстар қабылданды.

Кәсіптік білім берудің басты мақсаты еңбек нарығын жұмыс  берушілердің талаптарына сай және экономиканы жаңғырту ісіне қатысуға қабілетті кәсіби білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мәселе кеңінен сөз болған конференцияның пленарлық мәжілісіне облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев пен Ресей Федерациясының Ставрополь өлкесінен өкілдер, облысымыздағы кәсіпорындар басшылары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысты.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетімізде бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандар даярлап, инновациялық экономика құру үшін барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануды тапсырды.

Облыс бойынша 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс жасап, мұнда 17402 студент 74 мамандық, 145 біліктілік бойынша білім алуда. Ағымдағы оқу жылында 15 техникалық және кәсіптік оқу орындарында 23 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, 84 кәсіпорынмен 99 келісім-шарт жасақталды, – деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.

Облыс бойынша тәуелсіздік жылдары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова баяндады.

%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b8%d0%bc2

– Әлеуметтік қолдауды қажет ететін тоғыз студентке екі миллион  теңгеден астам сома болатын  біржылдық стипендия төленіп келеді.

Мемлекет басшысы Нұр-сұлтан Назарбаев өткен жылдың 30 қарашасында жариялаған Жолдауында 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының қолға алынатындығын айтқан болатын. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық азаматтың алғашқы техникалық білімді тегін алуын қамтамасыз етеді. Осы тапсырмаға байланысты 11 колледжде жұмысшы мамандықтары бо-йынша тегін кәсіптік-техникалық оқытуды енгізу жоспарланып отыр, – деді басқарма басшысы.

%d0%b1%d0%b8%d0%bb%d0%b8%d0%bc3

Конференция барысында Әлібек Ибатоллаұлы облыстық білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, іс-тәжірибесімен кейінгі буынға үлгі болып жүрген ұстаздарды  марапаттады. «Еңбек ардагері» медалін Құрманғазы агротехникалық колледжінің оқытушысы Мұ-ратқали Оразов пен «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің оқытушысы Бағила Мұхтарованың кеудесіне тақты. Ал, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің оқытушысы Жаңыл Шанбаева мен «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің оқытушысы Ардақ Нығметова  «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры Болат Рысқалиев Ыбырай Алтынсарин төсбелгісіне ие болды. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты да үздік ұстаздарға ұсынылды.

Конференцияда әр тақырыпты қамтыған мазмұнды баяндамалар тыңдалып, кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартудың тиімділігін арттырудың  басым бағыттары бойынша ұсыныстар білдірілді.

Суреттерді түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз