Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Атырауда республикалық қазақ ұлттық киімдер фестивалі өтті

Аtr.kz/19 сәуір, 2019 жыл. Атыраудағы облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Оюлар сөйлейді» атты республикалық қазақ ұлттық киімдер фестивалі өтті.

«Республикалық фестивальге 11 дизайнер Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтобе облысы және Маңғыстау облысының өкілдері қатысып, сән үлгілерін көрсетті. Мақсатымыз — қазақтың ұлттық киімдерін насихаттау, қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін дайындайтын талантты шеберлерді анықтау және қолдау.

20190419094508

Қазылар алқасы құрамында облысымызға танымал өзіндік ерекше қолтаңбасы бар дизайнерлер Гүлмаржан Махамбет пен Маржан Маршалл және Вероника Қошмановалар сайысқа төрелік етті. Келешекте тағыда осындай шараларымыз жоғары деңгейлерде өтіп тұрады деп ойлаймыз», дейді фестивальді ұйымдастырушылар.

20190419094513

Айта кетсек, жүлделі бірінші орынды маңғыстаулық дизайнер Анар Оспанова иеленді. Екінші орынды ақтөбелік Роза Бисекенова мен атыраулық Айман Жалиева алса, үшінші орынды атыраулық Камила Жапалова және БҚО-ның дизайнері Назымгүл Оразгелдиевалар өзара еншіледі.

20190419094522
20190419094504


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button