Атырау қаласы бойынша жылу жүйелері ауыстырылады

Без названия Жаңалықтар

Күз келіп, күн суытты. Әлеуметтік нысандар қатарындағы мектептер мен балабақшаларға жылу берілді. Ендеше, өңір халқы алдағы қысқа сақадай сай деуге болады.

Без названия

Осы айдың басында Атырау қаласындағы 71 әлеуметтік нысанға жылу берілді, енді 977 тұрғын үй қалды. Күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, №5 және апаттық жағдайда деп танылған М.Өтемісұлы атындағы мектепке, сондай-ақ, «Алтын балық» балабақшасына әзірге жылу берілген жоқ. Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Алмабек Абдолов бұл нысандар қазан айының 15-іне дейін жылу жүйесіне қосылады деп сендіреді. Қалған 40 балабақшада жылу бар.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Рафхат Жолдиев көпқабатты тұрғын үйлер жылу беру маусымына дайын екенін жеткізді.

– Апатты жағдайдағы үйлерді қалыпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге қарастырылды. Бүгінде мердігер мекеме анықталып, келісімшарт жасақталды, қазір жұмыстар жүргізілуде. Облыс орталығында биыл 21 шақырымдық жылу жүйесі ауыстырылады. Күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті қазынадан 530 млн. теңге жұмсалды, – дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз