Ерболат Беделхан: «Креативті индустрияны ескі сүрлеуге салуға болмайды»

8 Мәдениет

Атырау қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған халықаралық «Saraishyq Upgrade-2023» жастар форумына келген спикер, әнші, биші, хореограф, продюссер, актер Ерболат Беделханның форум жайлы пікірін білген едік.
«Қазіргі кезде «адамдардың өзара қарым-қатынасын қалай қалыптастырамыз?» деген сауалға жауап табу маңызды деп ойлаймын. Біз жаратылыста өз ойымызды дұрыс жеткізудің арқасында адам болып қалыптастық. Креативті индустрияның бағаланбай жатқанын естен шығармаған жөн. Басыбайлы экономикаға да бетбұрыс жасап кетпеуіміз керек. Ұлт ретінде өзімізді сақтап қалу үшін рухани жағынана да кенде қалмауымыз керек деп ойлаймын.

Ол үшін төл өнерімізді, ән-күйімізді заманға сай дамытып, жаңғыртып өзінше стиль қалыптастырып, жаңаша үлгіде бере білуіміз керек. Әр адам өзінше бір әлем, өзінше бір идеясы бар, ерекшелігі бар тұлға. Сондықтан, әр саладан жаңалық ашып, соны игілікке айналдырсақ, ұтарымыз көп болар еді. Сөйтіп, ұлттық сананың «айдентикасын» қалыптастыруға атсалысамыз. Сонда ғана ұлттық құндылықтарымыз біртіндеп орнына келеді. Креативті индустрияны ескі сүрлеуге салуға болмайды. Қазіргі уақытта креативті индустрия бойынша Оңтүстік Корея елінің нарығы – дүние жүзінде үздіктердің қатарында, осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын әлемді өзіне қаратып алды. Тек музыка саласында емес, кино индустриясы да дамып үлгерді. Шап-шағын аралда орналасқан, ешқандай қазба байлығы жоқ мемлекетке қарап, біздің елде мүмкіндіктің мол екенін аңғаруға болады. Меніңше, қай кезде де ең маңызды инвестиция – адам болып қалмақ»
Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз