Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырауда Рахымжан Отарбаев кітаптарының тұсауы кесілді (+ФОТО)

Atr.kz/18 қараша, 2019 жыл. Атырауда ашық деп жарияланған Рахымжан Отарбаевтың ІІІ республикалық театр фестивалі аясында біртуар жазушының төрт кітабының тұсауы кесілді.    

Осыған орай Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында брифинг өтті. Елімізде алғаш рет жеке кітап болып «Қазына» баспасынан жарық көрген «Бас» романының тұсаукесер лентасын КСРО Халық артисі Асанәлі Әшімов және аталған баспа үйінің иесі Алмас Шәйкенов пен жазушының ұлы Ермерей Отарбаев қиды.   

—    Бұл өте ауқымды, мәдени іс-шара. Өйткені, әдебиет пен мәдениетке теңдей үлес қосқан Рахымжандай перзентін елі ұмытпауы керек.  Ол Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерді мойындатқан санаулы суреткердің бірі. Бүгін оның рухына ас берілді, енді міне жалғасы үлкен шараға ұласып жатыр. Ұмытпай, елеп-ескерген үлкен-кішіге алғысым шексіз, — деді Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.  

Ал, Мәскеуде басылып шыққан қос кітап – «И был я подобием твоим…» және «Плач Чингисхана» кітаптарының тұсаукесу құрметі Мәскеу қазақтар қоғамының төрағасы, «Художественная литература» баспасы директорының орынбасары Ермек Алданов пен жазушының қызы, республикалық Шабыт фестивалінің жүлдегері, алғашқы төлтуындысы Ресейде жарық көріп үлгерген Қаракөз Отарбаеваға бұйырды. 

img 20191118 110257
img 20191118 104626
whatsapp image 2019 11 18 at 16.03.24 5

Осыдан соң қараша айындағы сандары тұтастай жазушы шығармашылығына арналған «Аңыз адам» журналының тұсауын жазушының рухани інісі, Махамбет сыйлығының лауреаты Берік Жәменов пен жазушының туған жері Құрманғазы аудандық Серпер газетінің редакторы Таңатар Дәрелов кесті.    

Шара барысында облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Өтешов, жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің Бас редакторы Исатай Балмағамбетов және басқалары сөз алып, ескірмес естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде жазушының жары Сәуле Отарбаева отбасы атынан ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді. Жазушының өзі өлсе де, сөзі өшпейтінін, қазақ халқы барда мәдени мол мұра да ұрпақтан ұрпаққа жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ, еліміздің ұлттық академиялық кітапханасынан шыққан библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесу мәртебесіне облыстық мәслихат төрағасы Өмірзақ Зинуллин мен облыстық Ғабдол Сланов атындағы ғылыми әмбебап ктіапханасының басшысы Сара Ізмұханбетоваға берілді.

Соңында «Рахымжан Отарбаевтың «Руханият» қоры» жеке қорының да тұсауы кесілді.

Айта кетейік, 18-22 қараша аралығында фестивальге еліміздің  9 шығармашылық ұжымы қатысады.  Олардың  өнерін сараптаушы қазылар алқасының төрағасы – Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев, Сердеш Қажымұратұлы, Талғат Теменов, Ұларбек Нұрғалымұлы, Айзат Қыдыралиева мен Қаракөз Рахымжанқызы қазылар құрамы болып бекітілген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

***

whatsapp image 2019 11 18 at 16.03.24 7
whatsapp image 2019 11 18 at 16.03.24 2
whatsapp image 2019 11 18 at 16.03.24 4
whatsapp image 2019 11 18 at 16.03.24
whatsapp image 2019 11 18 at 16.03.24 3
whatsapp image 2019 11 18 at 16.03.24 6
img 20191118 104738
img 20191118 110308
img 20191118 110219

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button