БАҒДАРЛАМА – БАЙЫПТЫ ІСПЕН

Мемлекет дамуын қамтамасыз ететін бағдарламаларды жүзеге асырудағы жастардың рөлі қандай? Облыстағы кәсіби-техникалық колледждер оқушыларымен кездескен «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының өкілдері осы мәселені көтерді.

Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы әлемдегі дағдарыс жағдайында өнімділікті сақтай отырып,  ел экономикасын көтеруді көздейді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асырудағы көздеген мақсат та осы. Яғни, халыққа жаңа  жұмыс орындарын ашу. «Сол себепті, жастарға кәсіби техникалық мамандықты игеру маңызды» дейді қозғалыс өкілдері.

«Елбасы Жолдауында елдің көлік-логистикалық әлеуетіне ерекше көңіл бөлінген. Теміржолдар мен автомобиль жолдарын салу арқылы жаңа елді мекендер пайда болады. Ол жерлерге халықты шоғырландыруда жастардың еңбек күші көп қажет болады. Сондықтан, уақыт талабы инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті мамандарды дайындау болып отыр. Бұл кәсіби-техникалық оқу орындарына ерекше жауапкершілік жүктейді» дейді мамандар.

Кездесу барысында Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры Бақытгүл Хаменова, Қазақстан-фин бизнес хабының жетекшісі Мұхтар Манкеев, кәсіпорын басшылары сөз алып, өз пікірлерін ортаға салды.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз