Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда қырыққа жуық жас анаға салтанатты жағдайда куәлік табысталды

Атырау қалалық перзентханасына облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері 14 қарашада дүниеге келген сәбилерді құттықтап барды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Атырау қаласында 37 жас ана салтанатты жағдайда куәліктерін алды. 14 қараша күні Атырау облыстық перинаталдық орталығында 20 сәби, қалалық перзентханада 17 сәби дүниеге келді.

21fb7361 a7df 4b1a aed5 5c0ea2ae945a

Қалалық перзентхананың фойесінде 20 миллионыншы тұрғынның туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік рәсімде облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Нұрлы Әйтиева, Атырау облысының Құрметті азаматы Рәшила Мұрсалиева еліміздің 20 миллионыншы тұрғынының Атырау облысында дүниеге келуі ерекше оқиға екенін атап өтті. Соңғы жылдары елімізде халық саны өсіп отыр. Мұның өзі — тұрғындарға мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаудың игілігі.

2a74f50d 9e2a 4c94 bb37 5f64804adad1

“20 миллионыншы тұрғын қай өңірде дүниеге келсе де – бұл бүкіл Қазақстан халқының қуанышы. Мемлекет денсаулық сақтау мен білімге көңіл бөледі, біздің балаларымыз жақсы білім мен медициналық көмек ала отырып, қолайлы ортада өсуі керек. Бұл – Отанымыздың тұрақтылығы мен өркендеуінің жарқын айғағы. Соңғы жылдары балаларға беріліп жатқан әр түрлі ай сайынғы жәрдемақылар, біржолғы төлемдер, әлеуметтік қолдаулар, Тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру бағытында жасалынып жатқан қамқорлықтар молынан», – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.

0ec4a4c2 b5ea 4b56 8347 5a44f372c2ec

Ал, Лунара есімді жас ана салтанатты жағдайда сәбиінің куәлігін алып жатқан қуанышымен бөлісіп, мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдауға ризашылығын білдірді.

“Бесінші рет ана атанып отырмын. Өзім балабақша меңгерушісі болып жұмыс істедім. Көп балалы анаға жұмыспен үй шаруасын бірге алып жүру оңай емес. Бірақ, заман ағымынан да қалыс қалуға болмайды.  Қазіргі уақытта балаларға жәрдемақы аламын, енді бесінші балам дүниеге келді. Мемлекеттің қолдауының арқасында 53 жасымда зейнетке шығамын”,- деп күлді жас ана.

Осындай іс-шара облыстық перинаталдық орталықта да ұйымдастырылды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері облысымызда 14 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Нұргүл Насыр 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button