Атырауда кісі өліміне куәгер болған оқушыларға көмек көрсетілуде

Жаңалықтар
9 / 100

«Атырауда ер адам балконның терезесін сындырып пәтерге еніп, үш баланың анасын соққыға жыққан. Кейін дәретханада өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта балалардың анасы ауруханада жатыр. Бұл фактіні Атырау облысы ПД баспасөз қызметі растады», – деп хабарлайды atr.kz

bala quqyq

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ал, кісі өліміне куә болған оқушы қыздарға қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева, қорғаншылық және қамқоршылық органының және №8 Ө.Атамбаев атындағы қалалық орта мектебінің өкілдері, мектеп психологтары психологиялық көмек көрсетуде.

– Екі оқушы қыздың бірі – мектепке дейінгі жаста. Балалар қазір қауіпсіз жерде. Оларға Алматыдан келген атасы (анасының әкесі) мен тәтесі қарап, қамқорлығына алған. Қыздар өздерін жақсы сезінетінін айтып отыр. Болашақта балалар қорғаншылық және қамқоршылық органы мен мектептің тұрақты бақылауында болады, сонымен бірге оларға қажетті көмек көрсетілмек. Қыздардың тәртібі де, оқуы да жақсы, – делінген хабарламада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған