Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Құрылысшылар күніне орай футболдан ашық турнир өтті

Облыстық құрылыс басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы Орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты – кәсіби мерекені кеңінен атап өту арқылы құрылыс саласының қызметкерлеріне серпін беріп, ұжымдар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.

— Бүгінгі турнир Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Жарысқа барлығы 9 команда қатысты, оның ішінде Атырау облысына қарасты 7 аудан, сондай-ақ құрылыс басқармасы мен қалалық әкімдік құрамалары бақ сынады. Әр команда 10 ойыншыдан жасақталған. Бұл жарыс халықаралық спортты насихаттау мақсатында жүргізілуде. Сонымен қатар, мұндай шаралар сала мамандарының, әсіресе турнирге қатысқан ойыншылардың арасында ауызбіршілік пен әріптестік байланыстарды нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттыратын бастамалардың бірі болып қала бермек», — дейді Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басышысының орынбасары Талғат Бисен.

Бұл турнир жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызды рөлін айқындай түсіп, олардың еңбегіне деген құрметті арттыруға өз үлесін қосты. Мұндай спорттық шаралар еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, қоғамдағы оң көзқарасты қалыптастыруға жол ашады.

Ботагөз ИСАТАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button