Атырауда құлатылған коттедж иесіне 91 миллион теңге өтемақы берілді

9d779714 Жаңалықтар

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл. Облыс орталығында күрелген коттедж иесіне 91 миллион теңге өтемақы берілді. Бұл деректі Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі растап отыр.

«Атырау қаласының ескі бөлігіндегі үйлерді күреу жұмыстары 2017 жылы басталды. Бұл 2029 жылға дейін 12 кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде (2017 ж. қараша – 2019 ж. тамыз) Пушкин, Жангелдин, Байтұрсынов, Тайманов және Гагарин көшелерінің 18,1 гектар алаңында 262 үй бұзылуы тиіс. Ал, екінші кезеңде Исенов, Бейбарыс, Нысанбаев, Жансүгіров, Молдағұлова, Гагарин, Пушкин және Ырыс көшелерінде орналасқан, жалпы ауданы 17,6 гектар аумақтағы 300-ден астам үй мен өзге де нысандар күреледі» – деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда күрелген үйлердің иелеріне өтемақы төленіп жатыр. Соның ішінде 0,054 гектар жер телімінде орналасқан 587 шаршы метрлік коттеджі бар тұрғынға 91 миллион теңге өтемақы берілді.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-koronavirus%d2%9ba-%d2%9batysty-kejbir-is-%d3%99reketterge-tyjym-salyndy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз