Атырауда құйынды жел күтілуде

atyrau Жаңалықтар

Atr.kz/5 тамыз, 2019 жыл. Атырау облысының тұрғындарына қатты жел соғатыны ескертілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға циклон жылжып келе жатқанын ескертеді. Бүгін желдің жылдамдығы кей аудандарда секундына 23 метрге жетуде. Дәл қазір облыс орталығында толассыз нөсер құйып тұр.

Еске сала кетейік, өңірде биылғы жазда болған күшті жел тұрғын үйлердің, балабақшалар мен мектептердің шатырын ұшырып әкеткен еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз