Атырауда көпбалалы аналар марапатталды

355370038 1893366527712488 7180258100036801566 n Жаңалықтар

Ел Президентінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №232 Жарлығымен Атырауда 49 ана «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері атанды.

Мемлекеттік наградаларды қала әкімі аппаратының басшысы Самат Жұмабайұлы арнайы табыстады.

«Тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасыда. Сондықтан, отбасы құндылықтарына ерекше мән беру қажет», – деп қала әкімі аппаратының басшысы Самат Жұмабайұлы аналарды құттықтап, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған айрықша үлесі үшін өз алғысын білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз