Жаңалықтар
Атырауда қоғамдық көлікте жаңа пилоттық жоба іске қосылды
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігін одан әрі жақсарту үшін Атырау облысында қоғамдық көліктерге автоматтандырылған жол жүрісі ережелерін бұзушылықты тіркейтін құрылғылар орнатылуда.«Жасырын» патрульдеу жұмыстарын жүргізу басталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл пилоттық жоба облыс бойынша жол қозғалысын бақылаумен көлік қозғалысынан туындайтын құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында жүзеге асырылады.
Құрылғылар көлік қозғалысын бақылап, құқық бұзушылықтарды тіркейді, бұл өз кезегінде жолдағы тәртіпті нығайтып, жол апаттарының санын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.