Атырауда 18 мың данадан астам психотропты дәрілер тәркіленген

610e6455 e8c9 42ca 9a9c 3c541936a65e Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер соңғы 2 жылда 18 мың данадан астам психотропты дәрілер тәркілеген.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Атырау облысы көлемінде қоғам белсенділері мен тұрғындар тарапынан әсері жоғары дәрігердің рұқсатымен ғана босатылатын психотропты дәрілерді сату және тұтыну бойынша наразылығы туындап, аталған құқық бұзушылыққа қатысты жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныстары әлеуметтік желіде таралуда. 

Айта кетейік, бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Атырау қаласы аумағындағы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері  2021 жылдан бері психотропты дәрілердің заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында іс-шаралар жүргізіп 18 мыңнан астам психотропты дәрі-дәрмектерді тәркілеген. Мысалы, 2021 жылы 9 тұлға анықталып, ұсталып 5135 дана трамадол, трапикомед дәрі-дәрмектері тәркіленген, 2022 жылы 17 тұлға анықталып ұсталып олардан 7800 дана трамадол, трапикомид, лирика дәрілері тәркіленген. 2023 жыл басталғалы 9 тұлға анықталып, ұсталып олардан 3596 дана тарамадол, тропикамед, сомнол, алис дәрі-дәрмектері тәркіленді. 

Аталған деректерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына сәйкес (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) хаттамалар жасақталды. 

Психотропты дәрілердің заңсыз айналымымен айналысу дерегі бойынша 6 мәрте анықталған тұлға да бар. 1974ж.т., азаматшаға қатысты қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 4 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ, 23 наурыз күні әлеуметтік желіде психотропты дәрі сатып алды деген бейнежазбадағы көлік анықталып, 1998ж.т., жүргізушісі   сараптама қорытындысымен есірткілік-уытқұмарлық мас күйде екені белгілі болды. 

Қазіргі таңда, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес хаттама жасақталып, әкімшілік қамауға алынды. Аталған мекен-жай бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз