Атырауда Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтті
«Тіл – татулық тірегі» атты фестивальде өңірдегі тіл жанашырлары марапатталды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шараның мақсаты — Қазақстан Республикасындағы түрлі этнос өкілдерінің тілдерін,сондай-ақ мемлекеттік тілді және оның қоғамдағы рөлін насихаттап, мәртебесін көтеру, дәстүрлі құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру және еліміздің рухани бірлігін нығайту.
Тіл саласының дамуына үлес қосқан азаматтарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табыс етілді.
Сонымен қатар, «Қазтест» жүйесінің диагностикалық және сертификаттық негіздегі тестілеу қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген тұрғындар мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Фестиваль қонақтары атыраулық өнерпаздардың өнерін тамашалады.