Екпе екі жыл бойы қорғайды

9 2 750x421 1 Жаңалықтар

«Hayat-vax», «Спутник V», «QazCovid-in». Бұл қазақстандықтарға салынып жатқан үш түрлі екпенің атауы. Үш елдің өнімі болғанымен клиникалық сынақтардан өтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеген вакциналар. Олардың қауіпті індетке қарсы әсері туралы ақпараттық жұмыс тобы «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен кездесуде толығырақ айтып берді.

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың кемінде 70 пайызы екпе алуы керек. Алайда қазір өңірде екпе салдыру көрсеткіші төмендеген. Бұл жағдай эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, карантиндік шектеулерді қайтадан күшейтуге себеп болатыны анық. Кездесуге қатысқан Атырау қаласы əкімінің орынбасары Самат Емберген вакцина алудың маңызына тоқталып, көпшілікті екпе алуға шақырды.

– Коронавирусқа қарсы екпе ерікті түрде жүргізіледі. Аймақта екпе салдырған азаматтардың қатары көп. Дегенмен соңғы уақытта бұл жұмыстар саябырсып қалды. Оның себебі де жоқ емес. Əлеуметтік желілерде екпе салдырған соң денсаулығына зиян келгендігі туралы жалған ақпарат таратушылар көбеюде. Соларға сенген адамдардың сенімінен гөрі күдігі басымырақ. Ел азаматтарына салынып жатқан үш вакцина да көптеген сынақтардан өткен, медицинаның озық жетістігі болып табылады. Біз соны естен шығармағанымыз жөн,-деді ол.

Елімізге алғаш келген «Спутник V» ресейлік екпе болса, «Hayatvax» – Біріккен Араб Əмірліктерінің белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинасы. Ал «QazCovid-in» «QazVac» брендімен шығарылған отандық өнім. Кездесу барысында үш вакцинаны салу екі кезеңнен тұратыны айтылды. «Спутник V» екпесінің аралығы 21-90 күн болса, «Hayat-vax» вакцинасы 4 апта аралығында, «QazCovid-in»-нің екінші кезеңі 21 күн ішінде жүргізіледі. Ке зд е су ге ке л ге н ком п а н и я қызметкерлері өздерін мазалап жүрген екпеге қатысты сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Жиынға қатысқан бас дəрігерлер аймақтағы вакциналау жайында ақпарат беріп, оның тиімділігін түсіндірді. «Еуропа елдері жаппай салдырып жатқан «Pfi zer-Biontech» компаниясының екпесі Қазақстанға қашан келеді?» деген сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев жауап берді.

– Денсаулық сақтау министрлігі мен аталған компанияның арасында келісім жасалмаған. Вакцинаның Қазақстанға жеткізілмеуіне осы жағдай себепші. Ал қазақстандықтарға салынып жатқан үш екпе де клиникалық сынақтан өтіп, тиімділігі 97 пайызды құраған. Екпе алған соң адам денесінде бір жарым, екі жылға дейінгі аралықта індеттен қорғайтын антидене болады,- деді ол.

Атап айтар болсақ, «Pfi zer-Biontech» компаниясының вакцинасы 12-15 жас аралығындағы жеткіншектер арасында да 100 пайыз тиімділігін көрсеткен болатын. Жақында ғана аяқталған клиникалық сынақтың үшінші кезеңінің нəтижесі осындай. Тəжірибеге 2 жарым мыңға жуық бала қатысқан. Енді АҚШ-та жаңа оқу жылына дейін жеткіншектерді вакциналау жұмыстары басталып кетуі де мүмкін. Ал вакциналау бір реттік акция емес, тұрақты жүргізіледі. Сондай-ақ екпе алғандардың да вируспен ауыратынын естен шығармаған абзал. Олар ауруды əлдеқайда жеңіл өткереді. Қазірдің өзінде елімізде түрлі инфекцияларға қарсы 20-дан астам вакцина жыл сайынғы екпе күнтізбесіне енгізілген.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз