Атырауда қарт адамдарға дауыс беру үшін сайлау бюллетенін салатын жәшік үйлеріне жеткізіледі

0 1 Жаңалықтар

«Бұл туралы Атырау қаласындағы №43 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Серік Биғамбаев айтты» деп хабарлайды Atr.kz

«Барлық тіркелген 1 323 сайлаушының он шақтысы – егде адам. Олардың үйлеріне сайлау бюллетенін салатын жәшік жеткізілетін болады» дейді спикер Серік Биғамбаев.

Атырау қаласының Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында орналасқан №43 сайлау учаскесіне келушілердің қатары көп. Таңғы сағат 7-ден асқанда алғашқы сайлаушы Беркін Мұханбетов келіп, дауыс берген болатын. Оған символикалық шағын сыйлық табыс етілді. Ал, сағат 9.20-да аталған учаскеде 18 сайлаушы дауыс берді. Олармен сұхбаттасқанымызда бәрі де «бастысы, елімізде тыныштық пен ауызбірлік болсын» десті.

–Учаскеде сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Бетперде де ұсынылады. Сайлау санитарлық талаптарға сәйкес өтуде. Оның әділ өтуін байқайшылар қадағалап отыр, – деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Серік Биғамбаев.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз