Жаңғыру жүктеген жаңа міндет

Жа ыру ж ктеген жа а м¦ндет Жаңалықтар

Бүгіндері ел ішінде Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылап, оның мән–мағынасы мен маңызын түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Жа____ыру ж__ктеген жа__а м¦ндет

Осындай мақсатпен облысымызға келген ҚР даму және инвестициялар министрлігі инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқпаев, алдымен, Атыраудағы «Полимерпродакшн» және «Шевронмұнайгазинк»  ЖШС -терінде болып, осындағы еңбек ұжымдарының өкілдерімен жүздесті. Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттар мен жүктелген міндеттер төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітіп, туындаған сауалдарға жауап қайтарды.

Келесі кезектегі жүздесу «Каспий Лана Атырау» кәсіпорнында жалғасты. Түйе мен қой жүнін өңдеп, одан дайын өнім шығаруға маманданған бұл фабрикада қазірде ондаған адам еңбек етеді. Осыдан екі жыл бұрын Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған өндіріс орнында жоғарыда айтылғандай, түйе мен қой жүні бастапқы өңдеуден өткізіледі. Өңделген шикізаттан жіп иіріліп, түрлі көлемдегі жылы жамылғылар мен басқа да халық тұтынатын тауарлар дайындалады. Кейінгі кездері Қазақстанда, соның ішінде, Атырауда жасалған отандық өнім ТМД елдерімен шектелмей, шет  мемлекеттерге де шығарыла бастады. Өндірістік процестердің үзіліссіз жүргізілуін, тапсырыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мұнда соңғы үлгідегі заманауи технологиялар қолданылуда. Еңбек адамдарының алаңсыз, фабриканың ырғақты жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар туғызылған.

Салалық министрліктің өкілі осының бәрін көзімен көріп, егжей-тегжейлі танысты. Республикамызда алғашқылардың қатарында ашылған кәсіпорынның өңірімізде өмірге келуі де Ұлт жоспары мен Елбасы Жолдауының орындалысының нақты көрінісі. Сапарбек Құрақбайұлы маңызды құжаттың әрбір тарауы мен тармағына тоқталып, оның шынымен де еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажетті жаңғыру жолын айқындап, болашақ даму бағыттарын белгілеп бергенін  атап өтті.

Соңынан қойылған кейбір сұрақтарға жауап берді.

Дәулетқали Аруев

Суретті түсірген:Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз