Атырауда «Қаңғыбас» профилактикалық шарасы өтті

5d6226b2d109f387546048 Жаңалықтар

Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Полиция қызметкерлері қаңғыбастықпен өмір  сүретін тұлғалар шоғырлануы мүмкін жерлерді, құрылыстар мен қараусыз қалған  ғимараттар, құдықтар, жылу құбырлары, үй шатырлары, жер төлелер, базарлар, тоғайлар, қоқыс төгетін жерлер, мал бағатын қыстақ пен жайлаулар маңайларында  тексерулер жүргізді.

Үш күнге созылған іс-шара барысында облыс полиция органдарына  түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 300-ге жуық тұлға жеткізіліп,   есепке алынды. Олардың арасында тұрғылықты мекенжайы  жоқ азаматтарда бар.

Іс-шара нәтижесінде 5 хабар-ошарсыз жүргендер анықталып,  іздеу жарияланған 2 қылмыскер ұсталды,  сонымен қатар, 4 қылмыс ашылды.

Аталмыш шара кезінде, жедел уәкілдер,  хабарсыз, іздеу жарияланн Қызылқоға ауданының тұрғынын    қаладағы сауда орталықтарының бірінен тапты. Екі сәбиімен жүрген азаматшаны тексеру кезінде,  туыстарына ескертпестен, жаз айларында Атырауға келген, тұрақты мекен жайы жоқ, бірнеше рет пәтер жалдап келген. Осында жүріп,   екінші сәбиін дүниеге әкелген. Отбасылық жағдаймен, туыстарына ескертпестен кетіп, хабар ошарсыз жүрген азаматша сәбилерімен Қызылқоға ауданындағы мекеніне жеткізілді.

Жалпы шара барысында, қабылдау-тарату орындарына  белгілі бір тұрғылықты жері жоқ  оннан астам адам орналастырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз